Жаңалықтар

«Астана» халықаралық қаржы орталығының соты және Халықаралық төрелік орталығын дауларды шешуде қолдану» тақырыбындағы вебинар

2021 жылғы 1 маусымда «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты және Халықаралық төрелік орталығын дауларды шешуде қолдану» (АХҚО және ХТО) тақырыбында вебинар болып өтті.

Вебинарда ҚР Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаменті  және Сот сараптамалары орталығы, сондай-ақ Сот сарапшыларының республикалық палатасы қатысты.

Вебинар барысында АХҚО соты және ХТО жұмысы таныстырылды.

Тараптар Қазақстанның сарапшылар қауымдастығының АХҚО соты және ХТО-мен ынтымақтасу мүмкіндіктерін талқылап, қос құрылымның қызметінің ерекшеліктерін зерделеу және өзара әрекеттесу жолдарын іздеу жөнінде келісті.

Back to top button