Жаңалықтар

ҚР Әділет Вице-министрі Атырау облысының сот сарапшыларымен кездесу өткізді

2022 жылғы 24 наурызда ҚР Әділет Вице – министрі А.Е. Ахметованың Атырау облысы бойынша сот сараптамалары институтының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыс кездесуі өтті.Сапар барысында А.Е. Ахметова сот биологиялық және молекулярлық-генетикалық сараптаманы, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сараптауды жүзеге асыратын зертханалардың қызметімен танысты.Сарапшылар өздерінің еңбек күндері туралы айтып, саладағы проблемаларымен бөлісті, сондай-ақ ҚР Сот сараптамасы қызметін жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Back to top button